Қол мділікті қосу жетіҚол мділікті қосу жеті

Takeda Қазақстанда Shire компаниясымен бірігудің заңды процесінің аяқталғаны туралы жариялады

2020 ж. 23 тамыз

«Такеда Қазақстан» ЖШС (Takeda) биофармацевтикалық компаниясы Қазақстан Республикасында «Баксалта Қазақстан» ЖШС-не (Shire) қосылу жолымен қайта ұйымдастырудың заңды процесінің аяқталғаны туралы хабарлады. Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Баксалта Қазақстан» ЖШС өз қызметін тоқтатты және «Такеда Қазақстан» ЖШС компаниясы барлық міндеттемелер бойынша оның құқықтық мұрагеріне айналды. Аталған өзгерістер бірлескен Takeda компаниясын қалыптастыру процесін тездетеді, алайда шығарылатын дәрілік заттардың өндіріс процесіне, сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне еш әсер етпейді.

«Такеда Қазақстан» ЖШС директорының міндетін атқарушы Сабира Салыхова атап өтті: «Shire және Takedaның заңдық бірігу рәсімінің аяқталуы қол қойылған және келесімсөз үстіндегі шарттар, серіктестік және өзге де келісім-шарттар бойынша компанияның өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді. Біз денсаулық сақтау жүйесінің сенімді серіктесі болуға тырысамыз. Компанияның қайта ұйымдастырылуы Қазақстанның фармацевтикалық нарығындағы Takeda-ның жетекші орнын нығайтып, қазақстандық пациенттер үшін инновациялық терапияға қолжетімділікті жеделдететініне сенімдіміз».

2019 жылдың қаңтарында жарияланған Takeda компаниялар тобының Shire компаниялар тобын сатып алу туралы келісімі Takeda-ға әлемдегі ТОП-10 фармацевтикалық компаниялардың қатарына кіруге және ғылыми әзірлемелерге назар аудара отырып, биофармацевтикалық көшбасшыға айналуға мүмкіндік берді.

Takeda белсенді ғылыми-зерттеу қызметін жүргізуге және инновациялық дәрілік заттарды әзірлеуге арналған бірқатар басым терапевтік бағыттарды анықтады. Негізгі терапевтік бағыттар: онкология, гастроэнтерология және иммунология, неврология және генетикалық аурулар. Мақсатты инвестициялар қан плазмасы вакциналары мен препараттарын әзірлеуде де жүзеге асырылады. Күшті инновациялық ғылыми-зерттеу платформасы компанияға серпінді инновациялық технологияларға назар аударып, осы бағыттардағы өнімдердің жаһандық портфелін дамытуды жалғастыруға мүмкіндік беріп отыр. Бизнестің негізгі бағыттары Takeda жаһандық компаниясының жылдық жиынтық кірісін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Бірігу арқылы Takeda өзінің географиялық болмысын кеңейтті және Жапония мен АҚШ-та жетекші орынға ие болды. Енді 50 000 жоғары білікті қызметкерлердің қолдауымен компанияның әлемнің 80-нен астам елі мен аймақтарына инновациялық дәрілік заттарды жеткізуге мүмкіндігі бар.